Қазақша реферат Ландшафтану | Оқу материалдары География
Жоспар
- Ландшафтану ғылымының дамуы.
- Ландшафты терреториялық кешеннңің тиіпі.
КІРІСПЕ
Табиғатта шындарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтармен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм-шағылды шөлейттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі.
Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.
Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В. В. Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол территориялардың табиғат жағдайларын зерттеуге кешендік принцип қолданды. Табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес, тұтас бірлігін тани білу керек деп көрсетті. Ғалым табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды. Табиғат зоналары туралы 1898—1900 жылдары жазған көптеген мақалалары осы ғылымға негіз қалады.
Бұдан кейінгі кезде «ландшафт» ұғымын Л.С.Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Л.С.Берг ландшафтыға кең мағына берді. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды шағыл, шыршалы орман, т.б.) немесе нақтылы бір территориямен шектелетін аймақгарын да (Сарыарқа, Бетпақдала, т.б.) ландшафт ден ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сөйтіп, XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап ландшафтыны типологиялық және аймақтық мағынада ұғыну география ғылымына берік енді.
Ландшафтыны территориялық кешендердің типі деп санаушылар жаратылысы бір текті, бірақ құрылымдық бөліктері әр түрлі болатын жер бөліктерін бір ландшафт түріне немесе территориялар типіне жатқызады. Мысалы, көк терек аралас қайыңды орман шоқтары өскен далалы ойыстар меи қара топырақты жазық жерлердегі астық тұқымдас шөптесінді дала екі түрлі ландшафтыға жіктеледі.
Ландшафтылы аймақты жеке-дара территориялық та-биғат кешені деп санаушылар оны бір-бірімен территориялық жағынан тұтасқан қарапайым табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипаталатын, қайталанбайтын күрделі территориялық жүйе ретінде таныды. Демек, жекелеген ландшафтының геологиялық негізі, жер бедерінің түрі, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, биоценоздары бір-бірімен үйлесім тауып, көршілес жатқандарынан табиғи шекарасы арқылы межеленеді.
Ландшафттану ғылымының дамуы ландшафт картасын жасау ісімен тығыз байланысты. Бұрынғы КСРО-да жаппай ландшафт картасын жасау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Кейіннен ірі, орта, ұсақ масштабты ландшафт картасын жасауға Ленинград, Латвия, Воронеж, Львов, т.б. университеттердің ғалымдары мен Қазақстан ғалымдары атсалысты. Ландшафт картасын жасау мен далалық ландшафт зерттеулерінің қарқынды жүргізілуі, ландніафт іуралы теорияның терең талқылаиуы лаидшафттапу гылымы ауқымының кеңеюіне жолашты.
Қандай ғылымның болсын дамуында ғалымдар арасындағы пікір-таластың, өзекті мәсслелерді ауық-ауық бас қосып, талқылап отырудың маңызы ерекше. Ландшафттанушы ғалымдардын1963 жылы Алматыда өткен Бүкілодақгық кеңесі, 1965 жылы «Таулар мен шөлді аймақтардың ландшафтарын зерттеу» проблемаларыпна арналған аймақтық ғылыми симпозиум және басқа шаралар Қазақстан ландшафты туралы зерттеулердің өріс алуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл орайда қазақстандық зерттеушілерден В.М.Чунахинді, М.Ш.Ишанқұловты, А.В.Чигар-кинді, Г.В.Гельдиеваны, т.б. атауға болады. 70—80-жылдарда
Қазақстандағы мұндай зерттеулер «Ертіс—Қарағанды» каналы мен Іле, Ертіс өзендеріндегі су техникалық кешендер құрылыстарына байланысты жүргізілді.
Ландшафты зерттеу барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді түлетіп, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелер тиянақты сөз етіліп, Қазақстанның ландшафтық географиясы ғылыми жағынан терең және ауқымды қарастырылды. Оқырмандарға ұсынып отырған осы еңбекте де бұл мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталамыз. Ал кітаптың соңғы тарауында республика территориясындағы ландшафтылардың географиялық таралу заңдылықтарын айқындайтып олардың зоналық жүйесі де, аймақтық және биіктік белдеулік жүйесі де сипатталады.
Құрметті оқырмандар! Кітап мазмұны туралы ой-пі-кірлеріңізді, әсіресе байқалған кемшіліктердің орнын то-лықтыруға бағыт сілтейтін ақыл-кеңестеріңізді зор ықыласпен қарсы аламыз.
Источник статьи: http://kznews.kz/lifestyle/qazaqsha-referat-landshaftanu-oqu-materialdary-geografija/
Ландшафты зерттеу
Табиғатта шындарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтармен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм-шағылды шөлейттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі.
Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.
Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В. В. Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол территориялардың табиғат жағдайларын зерттеуге кешендік принцип қолданды. Табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес, тұтас бірлігін тани білу керек деп көрсетті. Ғалым табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды. Табиғат зоналары туралы 1898—1900 жылдары жазған көптеген мақалалары осы ғылымға негіз қалады.
Бұдан кейінгі кезде “ландшафт” ұғымын Л.С.Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Л.С.Берг ландшафтыға кең мағына берді. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды шағыл, шыршалы орман, т.б.) немесе нақтылы бір территориямен шектелетін аймақгарын да (Сарыарқа, Бетпақдала, т.б.) ландшафт ден ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сөйтіп, XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап ландшафтыны типологиялық және аймақтық мағынада ұғыну география ғылымына берік енді.
Ландшафтыны территориялық кешендердің типі деп санаушылар жаратылысы бір текті, бірақ құрылымдық бөліктері әр түрлі болатын жер бөліктерін бір ландшафт түріне немесе территориялар типіне жатқызады. Мысалы, көк терек аралас қайыңды орман шоқтары өскен далалы ойыстар меи қара топырақты жазық жерлердегі астық тұқымдас шөптесінді дала екі түрлі ландшафтыға жіктеледі.
Ландшафтылы аймақты жеке-дара территориялық та-биғат кешені деп санаушылар оны бір-бірімен территориялық жағынан тұтасқан қарапайым табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипаталатын, қайталанбайтын күрделі территориялық жүйе ретінде таныды. Демек, жекелеген ландшафтының геологиялық негізі, жер бедерінің түрі, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, биоценоздары бір-бірімен үйлесім тауып, көршілес жатқандарынан табиғи шекарасы арқылы межеленеді.
Ландшафттану ғылымының дамуы ландшафт картасын жасау ісімен тығыз байланысты. Бұрынғы КСРО-да жаппай ландшафт картасын жасау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Кейіннен ірі, орта, ұсақ масштабты ландшафт картасын жасауға Ленинград, Латвия, Воронеж, Львов, т.б. университеттердің ғалымдары мен Қазақстан ғалымдары атсалысты. Ландшафт картасын жасау мен далалық ландшафт зерттеулерінің қарқынды жүргізілуі, ландніафт іуралы теорияның терең талқылаиуы лаидшафттапу гылымы ауқымының кеңеюіне жолашты.
Қандай ғылымның болсын дамуында ғалымдар арасындағы пікір-таластың, өзекті мәсслелерді ауық-ауық бас қосып, талқылап отырудың маңызы ерекше. Ландшафттанушы ғалымдардын1963 жылы Алматыда өткен Бүкілодақгық кеңесі, 1965 жылы “Таулар мен шөлді аймақтардың ландшафтарын зерттеу” проблемаларыпна арналған аймақтық ғылыми симпозиум және басқа шаралар Қазақстан ландшафты туралы зерттеулердің өріс алуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл орайда қазақстандық зерттеушілерден В.М.Чунахинді, М.Ш.Ишанқұловты, А.В.Чигар-кинді, Г.В.Гельдиеваны, т.б. атауға болады. 70—80-жылдарда
Қазақстандағы мұндай зерттеулер “Ертіс—Қарағанды” каналы мен Іле, Ертіс өзендеріндегі су техникалық кешендер құрылыстарына байланысты жүргізілді.
Ландшафты зерттеу барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді түлетіп, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелер тиянақты сөз етіліп, Қазақстанның ландшафтық географиясы ғылыми жағынан терең және ауқымды қарастырылды. Оқырмандарға ұсынып отырған осы еңбекте де бұл мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталамыз. Ал кітаптың соңғы тарауында республика территориясындағы ландшафтылардың географиялық таралу заңдылықтарын айқындайтып олардың зоналық жүйесі де, аймақтық және биіктік белдеулік жүйесі де сипатталады.
Құрметті оқырмандар! Кітап мазмұны туралы ой-пі-кірлеріңізді, әсіресе байқалған кемшіліктердің орнын то-лықтыруға бағыт сілтейтін ақыл-кеңестеріңізді зор ықыласпен қарсы аламыз.
Источник статьи: http://baribar.kz/student/21717/landshafty-zertteu/
Сұрақ. Ландшафтану ғылымы. Өзіне тән белгілері
Ландшафттану – физикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін (геожүйелерді) зерттейтін ғылым саласы. Бұл терминнің соңғы кезде региондықфизикалық географияның синонимі ретінде колданылуы басым болып барады. Ландшафттанудың негізгі мақсаты — табиғи және мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құралымын, өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып табылады. Географиялық ландшафт туралы бұл ғылымның басты міндеті –ландшафт түрлерінің жаралуын, құрылымы мен динамикасын, даму заңдылықтарын, орналасуын және адамның шаруашылық әрекеттерінен оның өзгеруін зерттеу. Сонымен бірге ландшафттану төменгі сатыдағы геожүйелер(жеке қоныс, фация, т.б.) және жоғары сатылық геожүйелер (табиғи өлке,провинция, т.б.) мәселелерімен де айналысады. Ландшафттану термині ландшафттану ғылымының негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Бұл – неміс сөзі, « Жер түрі » деген мағына береді немесе « жергілікті жер түрі ». Ландшафт – генетикалық бір тектес табиғи – территориялық комплекс, рельефі салыстырмалы түрде біркелкі болады, оны құрайтын жыныстар, топырақ, ауа райы, су, тірі организмдер және ол адамның әсер етуі жағдайында болады.1 ХІХ ғасырдың соңына қарай Ресейде мықты географиялық мектеп құрылды.Оның негізін қалаушысы Петербург университетінің профессоры В.В.Докучаев (1846 – 1903) еді. Оның атақты ғылыми еңбектерінің бірі жер туралы ғылым ашуы. Докучаевтың жерге көзқарасы – географиялық: жер – географиялық компоненттерінің, оның ішінде жылу, ылғалдық, рельеф және организмдердің өзара әрекеттесуінің нәтежиесі, ол ландшафтының шикізаты, әрі оның айнасы болып табылады. Топырақты зерттеуден бастап географиялық синтезге дейін бір қадам қалғанда, сол қадамды В.В.Докучаев жаратылыстанудың дифференциациялануының теріс жақтарын терең түсінді. Ол географияның жан – жаққа тарап жатқанын байқады. Мұнымен В.В.Докучаквтың қазіргі заманғы географияға қосқан үлесі аяқталған жоқ.. Ол ең алғаш тәжірибе жүзінде Нижегородская (1882 – 1886),Полтавская (1888 – 1894) және ерекше жазық дала атақты экспедицияларын ұйымдастыру арқылы нақты аймақтардың кешенді зерттеу принциптерін ашты.
Л.Г. Раменский әрбір ландшафттың төмендегідей жалпы ерекшеліктері болады деп есептеді: 1) орналасу орнына қарай жоғары бөлігінің және оған тиісті эпифацияның заңдылыққа сай біркелкі бөлшектенуі, 2) барлық кешеннің шығу тегінің және дамуының тұтастығы, 3) Эпифациялар арасындағы өзара әрекеттестік, өзара тең ұштастық, 4) барлық кешенге арналған жалпы негізгі заңдылық. Ол ландшафттың толық өрістеуіне, ландшафттың сипатына қарай өзіне тән барлық кешеннің орналасуы үшін тиісті жер қажет екендігін атап көрсетті.
4-сұрақ. Ландшафт компоненттері (геогендік, энергетикалық, биогендік)
Геогенді құрамдас бөлікке: жер қыртысы,ауа, су.
Энергетикалық құрамдас бөліктерге: күн энергиясы, жердің ішкі энергиясы.
Биогенді құрамдас бөліктерге: өсімдіктер, жануарлар, топырақ жатады. Табиғаттың құрамдас бөліктері өздеріне тән заңдылық бойынша бар болымысымен өзгеріп,дамиды. Бірақ олардың қай-қайсысы болса да жеке-дара өзгеріп, дами алмайды.Барлық құрамдас бөліктер өзара әрекеттесу арқылы тұтас бір заттық жүйеге бірігеді.
Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды.Қалыпты жағдайда ландшафт құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтысын құрайтын құрамдас бөліктер бірімен – бірі үйлесім тауып, динамикалық тепе – теңдік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа ылғалдылығы, температуралық режимі, жауын – шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнары, т.б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады. Ландшафйтың түзілуі әр уақытта геологиялық – геоморфологиялық факторларджың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық – геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады. Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шаралары бөлінуі ландшафтыны бөліктерге бөлінетін заңдылықтың негізгі факторы болып саналады. Күннен келетін жылу энергиясы – жердегі барлық экзогенді геоморфологиялық процестерді дамытушы фактор. Оның мөлшері жер шары бойынша бірдей емес және жер беті, мұхиттық шаралар мен құрлықтарға бөлінуіне, құрлық беті жыныстарының литогенді құрамына, өсімдік жамылғысына, жер бедері пішініне қарай әр жерде әр түрлі мөлшердегі жылу баланысы түзіледі. Су және климат факторлары кешеніне теңіз ағыстары, жер беті мен жер асты суы, күн энергиясы мен жауын – шашын жатады. Алғашқы екеуі азоналы, соңғылары зоналы жүйедегі ландшафтысын қалыптастырады. Теңіз ағыстары – жылу мен ылғалдың зоналылығына өзгеріс енгізетін фактор. Жер беті мен жер асты суы жаратылысына қарай зоналы фактордың – жауын – шашынның туындысы болып сманалады. Бірақ олар ландшафтының түзілуінде интразоналы фактордың рөлін атқарады. өзен, көл маңы және жер асты суының жер бетіне шыққан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болғандықтан, шөл, шөлейт, дала, орманды дала зоналарында оазисті ландшафтысы қалыптасады. Оазистер саялы көк – жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады.
5 сурақ:Ландшафт түзуші факторлар (Геологиялық және геоморфологиялық,су және климаттық,биотикалық және антропогендік)
Ландшафт түзуші факторлар — ландшафтының ең маңызды қасиеттерін калыптастыратын факторлар. Ландшафт түзуші факторларды сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы факторларына ғарыштық, геодинамикалық факторлар жатады, ішкі факторлары ландшафтыға енетін жеке құрамбөліктері мен төменгі таксондық дәрежедегі табиғат кешендерінің өзара әрекеттері процестерінде байқалады. Барлық ландшафт түзуші факторларды зоналық (климат, топырақ, өсімдік және т.б.) және бейзоналық (бедер, геологиялык кұрылысы) факторлар деп бөледі. [1]
Ландшафтың түзілуі әр уақытта геологиялық – геоморфологиялық факторларджың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық – геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады.
Су және климат факторлары кешеніне теңіз ағыстары, жер беті мен жер асты суы, күн энергиясы мен жауын – шашын жатады. Алғашқы екеуі азоналы, соңғылары зоналы жүйедегі ландшафтысын қалыптастырады. Теңіз ағыстары – жылу мен ылғалдың зоналылығына өзгеріс енгізетін фактор. Жер беті мен жер асты суы жаратылысына қарай зоналы фактордың – жауын – шашынның туындысы болып сманалады. Бірақ олар ландшафтының түзілуінде интразоналы фактордың рөлін атқарады. өзен, көл маңы және жер асты суының жер бетіне шыққан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болғандықтан, шөл, шөлейт, дала, орманды дала зоналарында оазисті ландшафтысы қалыптасады. Оазистер саялы көк – жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады
Антропогендік ландшафт
Антропогендік ландшафт — адамның мақсатты қарекеті салдарынан, сондай – ақ табиғи ландшафтыны әдейілемей өзгертуі барысында пайда болған географиялық ландшафт.
Антропогенді фактордың әрекет ету көлемі, қарқыны халықтардың орналасу тығыздығына, өндіріс құралдары мен өндіріс қатынастарына , т.б. әлеутеттік жағдайларына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. Жер шары ландшафтысын адам әрекетінің әсеріне қарай төртке бөлуге болады:
1.Адам аяғы баспаған табиғи ландшафты. Мұндай ландшафтыға Арктика, Антарктика және таулы белдеудегі адам қоныстандаған жерлер жатады. Бұл жерлердегі ландшафтының құрамдас бөлігі де, морфологиялық түзіліс құрылымы да тьабиғи фактордың әрекетіне ғана байланысты дамиды
2.Адам әрекетінен көп өзгерсмеген ландшафты. Ландшафтының бұл тобына тундра, тайга және шөлді аймақтарды жатқызуға болады. Бұл жерлерге халыұтар сирек қоныстанған, әзірше табиғат байлықтарын сарқа пайдаланудың қажеттілігі жоқ. Сондықтан ландшафтының құрамдас бөлік аралық тепе – теңдігі бұзылмаған.
3.Адам әрекетінен бұзылған ландшафты. Ландшафтының құрамдас бөліктер байланыстары жан – жақты зерттелмей табиғат байлықтары сарқа пайдаланылған жағдайда аңызақ, сел, індет сияқты дүлей құбылыстардын жер жыраланып, топырақ тұзданады, шабындықты арамшөп басады, жолдар мен жер азады.
4.Адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген ландшафты. Ландшафтының құрамдас бөлікм арқылы немесе құрылымдық түзілу байланыстары жан – жаөты зерттеліп, табиғат байлықтары толығымен халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдаланылған жерлерде адам әрекеті ғылыми негізде жоспарланады да, ландшафтыны түлетіп, биологиялық зат айналымын, түсімділігін арттыруға, жылу, су, минералды заттар баланысын тепе – теңестіруге, жерді аздыратын жел, су эрозиясы сияқты дүлей құбылыстарлды болдырмауға бағытталады, басқаша айтқанда, жоғары өнімді мәдени ландшафттар түзіледі.
Жас айырмасына қарай антропогендік ландшафт үш топқа жіктеледі:
1 Ұзақ сақталып, өзін — өзі реттеуші ландшафты. Бұлар халық шаруашылығы айналымына қатысы жоқ әрекеттерге байланысты түзіледі. Мысалы: еліміздің әр жерінде жеке, дара немесе топ – тобымен тізбектеліп жататын қорған төбелерді атауға болады. Олар жүздеген, мыңдаған жылдар бойы жергілікті жер жағдайларымен үйлесім тапқан құрамдас бөлік аралық тепе – теңдігін сақтап келеді. Олардың түзілу жолдары адам әрекетіне байланысты болғанымен, қалыптасқаннан кейін даму эволюциясы табиғат заңдылықтарына сәйкес келеді.
2 Көпжылдық, жартылай реттелуші ландшафты. Ландшафтының бұл тобына екпе орман алқабын, канал, бөген сияқты жасанды су жүйелерін, жол тораптарын, шабындық пен жайылымдық жерлерді жатқызуға болады. Оларды халық шаруашылығы айналымынан шығарып алмау үшін мезгіл – мезгіл жаңғырту керек.
3 Қысқа мерзімді, ұдайы реттеп отыруды қажет ететін ландшафт. Бұларға егінжай, елді қоныс, кен орыны жатады. Олардың шығу тегі мыңдаған жылдармен есептеледі, бірақ қай – қайсысы болсын жыл сайын өңдеп күтуді қажет етеді. Мысалы: егістік жер жыл сайын агротехникалық өңдеуден ғана тұрақты өнім бере алады.
6 .Территориялық табиғат кешендері (толық,толық емес)
Территориялық табиғат кешендері туралы ілімнің қалыптасуына биогеографиялық ғылымның кемелдепіп, биоценоз, биогеоценоз деген ұғымдардың биогеографияның барлық салаларынан берік орын алуы себеп болды. Биоценоз- тіршілік ету, өніп-өсу жағдайлары ортақ, эволюциялық процесс пен табиғи сұрыпталудың нәтежиесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жануарлар тобынан құралған табиғат кешені.Оның өзін-өзі басқарып, динамикалық тепе-теңдік сақтайтын қабілеті немесе салыстырмалы тұрақтылығы болады.Салыстырмалы тұрақтылық-биоценозды түзетін құрамдас бөліктердің өніп-өсу мүмкіншілігін тежеп, белгілі бір өлшем шегінен шығармайтын фактор. Биоценозды құрайтын тірі ағзалар өздерінің тіршілік ететін ортасымен тығыз байланысты болады. Бұл байланыстылық олардың ортаға үйлесімінен анық байқалады.ортаға үйлесу тірі ағзалардың барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін: пішінін, түсін, физикалық әрекетін тағы басқа түгелдей қамтиды.
Табиғат кешендері құрамына кіретін компоненттердің сипатына қарай 2-ге бөлінеді: 1.Толық геожүйе ,биогеоценоз ландшафтары
2.Толық емес атмос,литос,гидро,биоценоз
Толық емес табғат кешендері табиғи географиялық қабықтың сфера түрінде беріледі.Ал толық баиғи кешені мағынасы бір бірақ әртүрлі ұғымдармен түсіндіріледі.
Табиғат кешенін құрайтын геогендік және биогендік компоненттер өзара ұдайы әрекеттесіп динамикалық тепе –теңдікті қалыптастырады. Орагниканың тіршілігіне қажетті жылу мен ылғал режимі қолайлы болса,қоректік заттар көбейеді,биоценоз түр жағынан байып төзімділігі артады. Демек, биогеценоздар жер шарының әртүрлә аймақтарында жергілікті жағбайға байлансыты түзіледі.
7. Ландшафт және оның морфологиялық құрылымы ( ландшафт, жергілікті жер, фация, қоныс)
Геологиялық негізі, рельефі типі, климаттық және гидрологиялық режимдері, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниелерінен тқратын биоценоздарды бірдей болып келетін біртекті табиғи территориялық комплексті ландшафт дейді. Ландшафты құрайтын морфологиялық табиғи территориялық комплекстер сатыларына қарай жергілікті жер – қоныс – фация деген жүйеге жіктеледі.Олардың қандай ғана сатыдағысы болмасын фациядан құралады.Фация бөлшектенбейтін географиялық комплекс, ол ландшафт құрылысының морфологиялық және аймақтық бірліктерін құрастыратын кірпіш іспеттес. Фация деп рельефі мен топырақ жамылғысын жаратушы жыныс құрамында, рельеф пішінінде, ылғал және жылу режимінде және топырақ жамылғысында айырма болмайтын бір ғана биоценозбен сипатталатын табиғи территориялық комплексті айтады.Көпшілік жағдайда өсімдік жамылғысы фацияның шекарасын межелеуде үлкен роль атқарады.Табиғи жағдайда фацияны құрайтын компоненттердің динамикалық тепе – теңдігі бұзыла қоймайды, ол Б.Н.Скучаевтың биогеоценозымен дәл келеді.Ал адам әрекетінен өзгеріске ұшырағае немесе адам әрекетіне байланысты пайда болған фациялар әр түрлі биоценоздарды қамтып, биогеоценозға дәл келмеуі мүмкін. Адам әрекетіне байланысты фацияның топырақ пен өсімдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесі, микроклимат, су режимі тез өзгереді де жаңа сапаға ие болады.Бірақ адам әрекетінен пайда болған туындылы фациялардың тұрақтылығы ұзаққа созылмайды, табиғи жай күйін түрлендіруші әрекеттер тоқталған соң бұрынғы динамикалық тепе – теңдігін қалпына келтіру бағытына көшеді. Фация рельефтің тұтас пішінін де, бір ғана элементін де қамтиды.Рельеф пішінін тұтас қамтитын фацияға Қазақстан территориясында жиі кездесетін лесс тәрізді саздақ жынысты қара топырақты жерлердегі щөптесінді шабын,дық қскен тау аралық жазықтарды жатқызуға болады.Ал көп фациялы рельеф пішініне жыра да, сай да, өзен аңғары да мычал бола алады.бұлардың кез келгенінің табанында, оң жақ және сол жақ беткейлерінде экологиялық жағдайлар әр түрлі биоценоздармен сипатталатын фациялар қалыптасады.Демек, алып жатқан орнына қарай фация үлкен аймақты да және кішкентай жерлерді де алып жатуы мүмкін. Фация типтестік бірлігі, территориялық өлшемі жоқ табиғи қасиеттерінің ортақ белгілері бойынша топтасатын жүйе.Ал іргелес жатқан фациялардың жаратылыстық, динамикалық бірлігі, басқаша айтқанда, жер беті мен жер асты суларының ағыстары, ауа қозғалыстары, тірі организмдердің миграциясы арқылы зат және энергия алмасу нәтежиесінде біріккен тобы қоныс деп аталады. Қоныс рельеф пішінінің тұтас тұлғасымен межеленіп, жылу мен ылғал режимдерінің біркелкі, топырақ жамылғысы мен биоценоздарының бір типті болып үйлесетіндіктері арқылы ерекшеленеді.Мысал ретінде жыра, сай, өзен жайылмасы, террастары, суайырықты тегіс жазықтар сияқты рельеф пішіндерінің тұтас тұлғаларын атауға болады. Қоныстардың территориялық бқлшектенуіне әсер етуші факторларға жер беті рельефінің тегіс еместігі, тілімдену дәрежелері, жыныстық құрамы, қалыңдық өлшемдері, биоценоздарының бәсекелестік күрестері жатады.
Қандай ғана қоныс болмасын заңды түрде үйлесім тауып кестеленген фациялардың тізбегінен тұрады.Фациялық құрылымына қарай қоныстар қарапайым және күрделі болып келеді.Қарапайым қоныстар бір – екі фациялардан ғана тұратын суайрықты жондарда, тегіс жазықтарда қалыптасады.Күрделі қоныстар рельефтің ойыс немесе дөңес пішіндері тараған жерлерде кездеседі, фацияларының тізбектелу қатары рельеф пішіндерінің формасына қарай жолақты немесе сақиналы болып келеді. Күрделі қоныстарды құрайтын фациялар кейде әр түрлі типтестік құрайды.Күрделі қоныстар 4 түрлі жағдайға байланысты қалыптасады. Біріншіден,бірінші қатардағы мезорельефке екінші қатардағысы кіріккенде қалыптасады.Мысалға табанынан қайталанып жыра қазылған сайларды, өзекті аңғарларды, көлшікті батпақтарды атауға болады.Екіншіден, әр т үрлі жынысты жерлердегі мезорельефтің қоныстары күрделі болып келеді. Мұндай қоныстар көбінесе кішігірім өзен аңғарларының өңірлерінде жиі кездеседі.Қйткені өзен суы толысқан кездердегі тасқын сулар табанына жайылғанда арыны қатты жерлерге ірі, ал арыны басылған сайын майда түйірлі шөгінділірі үйеді.Соған орай әр түрлі фациялар қалыптасады да қоныстардың құрылымы күрделіленеді.Күрделе қоныстардың үшінші бір түрі ылғал жетіспейтін жерлерде микрорельефтік және нанорельефтік айырмаға байланысты қалыптасады. Қоныстар ландшафттың морфологиялық құрылымындағы орнына қарай негізгі, қосалқы, сипатты, сипатсыз, табиғи территориялық комплекстер болып бөлінеді. Ландшафттың морфологиялық құрылымындағы негізгі қоныстардың үлесі бәрінен де басым болады, территориялық өлшемі мен типтестік белгісі жағынан басты рольді атқарады.Қазақстан жеріндегі орманды дала зрнасының негізгі қоныстары саздақты жазықтардың сұр топырағына өскен орман шоқтары мен қара топырақты жерлеріне қскен көделі немесе бетегелі далалықтан тұрады. Қосалқы қоныстар ландшафттың морфологиялық құрылымында жергілікті жер жағдайларына атап айтқанда, суық белдеулерге жылудың, шөлдерде ылғалдың молдығына, ал ылғалы жеткілікті жерлерде топырақты құрайтын жыныстардың тұзды болып келуіне байланысты пайда болады. Қоныс ландшафттың морфоструктуралық құрылымын құрайтын тұтас тұлғалы табиғи территориялық комплекс болғандықтан географиялық зерттеулердің негізгі объектісі болып саналады.
Ландшафттың геологиялық құрылысы мен рельефінің ерекшеліктеріне қарай іргелес жатқан қоныстар тіркесіп жергілікті жер деп аталатын табиғи территориялық комплексті құрайды.Жергілікті жер көбінесе күрделі қоныстар тізбегінен тұрады да типтестік, тектестік, түрлестік бірліктерге жіктеледі. Жергілікті жер туралы терминді ғалымдар түрліше түсінеді.1)Ол климат, топырақ, өсімдік, табиғи территориялық комплекс деген географиялық ұғым мағынасында танылады (И.П.Герасимов); 2) Табиғи территориялық комплекстердің типі ретінде ұғынылады(Ф.Н.Мильков); 3) Ландшафтының морфологиялық бқліктерін құрайтын ең жоғарғы сатыдағы табиғи территориялқ комплекс дәрежесінде қарастырылады(Н.А.Солнцев). Ландшафттың жергілікті жерлерге бөлшектенуі геологиялық негізі мен жер беті жыныстарының ерекшелігіне байланысты.
8. Территориялық табиғат кешені шекаралары (сызықты, өтпелі)
Ландшафтану ілімінің басында – ақ Л.С.Берг ландшафтар табиғи шекаралармен бөлінеді деп айтқан болатын.Ол ландшафт шекаралары объективті, табиғаттың өз ішінде болады және еріксіз немесе субъективті түрде жүргізілмеуі керек деп атап айтты. Алайда, іс жүщінде ландшафттанушылар кеңістіктегі шекараларды анықтауда көп қиыншылықтарға кездесті.Бұл мәселе туралы жанданған дискуссиялар 50 жылдары жиі жүрді,кейбір географтар барлық ландшафттар шекарасын сызбалау идеясын жариялады.Көп географтар бұл идеяға қарсы болды,олар іс тәжірибелерге сүйене отырып шын мәнісінде түрлі ландшафт арасындағы жоғалып кеткендігін, сонымен бірге олардың морфологиялық бөлімдері де өзгергенін алға тартты. Сызбалы шекаралар геожүйенің дискретті концепциясына сай болар еді, бірақ, біз білетініміздей ландшафт ортада дискреттілік диалектикалық континуальдықпен үйлеседі және шекаралар мәселесін сызықтар жүргізу арқылы шеше алмайсың.Ережеге сай, ландшафтар шекарасы кеңістікте екі түрлі өтпелі аймақты қамтиды
Ең алдымен ландшафтар шекарасының пайда болуы әр түрлі болатынын атап айту керек және бір ғана «басым» факторлардың әрекеті мен түсіндірілмейді.Себебі ландшафты дифференция зональды және азональды(кең мағыналы түрде) факторларға байланысты, осы факторлар ең соңында ландшафтың кеңістік шекарасын анықтайды.Зональдық, сонымен бірге секторлық қзгешеліктер ең бірінші климатқа қарай білінеді, ал азональдылар ландшафтың қатты фундаментіне байланысты анықталады.Сондықтан, аталған компоненттер ландшафты шекараға тікелей жауапты.ландшафтардың кеңістікте өзгеріп отыруына біртіндеп аймақтық немесе секторлық климаттың өзгеруі теңіз деңгейі биіктігінің немесе баурай экспозициясының морфоструктурасының және соған байланысты тамырлы – бөлікті жыныстардың өзгеруі нақты себептері болып табылады. ландшафт шекарасының белгілі бір ені бар және іс жүзінде карта масштабында сызықты түрде белгіленген жағдайда ғана сызықты деп қаралуы мүмкін.Лангдшафт шекаралардың шынайы ені кең шамада өзгеріп отырады.Барынша анық шекаралар азональды геологиялық – геоморфологиялық факторлармен байланысты, әсіресе қалыңдықтар петрографиялық құрамы бойынша рельефте түрлі анық үстірттер құрған кезде барынша анық ландшафты шекаралар ауыспалы таулы жыныстардың өзгеруімен байланысты болады, бұл өзгерістер рельефте әлсіз ғана білінуі мүмкін.Бөлікті жыныстардың біртіндеп ауысуына байланысты шекаралар анық байқалмайды, бұл қзгерістер ауданының таралуы тіл пішщіндес, фестанды және жекеленген дақтар түрінде бір – бірімен қабаттасып – жанасып жатады.
9-Қазақстанның жазық аймақтарының ландшафтары. Орманды дала зонасының ландшафттары
Қазақстан жерінің 90%-ін жазық алып жатыр. Олар оңтүстіктен солтүстікке 1600 км-ге, батыстан шығысқа 3000 км-ге созылған. Геологиялық – геоморфологиялық, радиациялық, атмосфералық, циркуляциялық факторлардың зоналық айырма жасап әрекет етуіне қарай орманды дала, дала, шөлейт, шөл зонасы ландшафтысының территориялық бөлшектенуіне себепші болған.
ОРМАНДЫ ДАЛА ЗОНАСЫНЫҢ ЛАНДШАФТЫЛАРЫ
Орманды дала зонасының ландшафтылары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Павлодар облыстарында тараған, оңтүстік шекарасы Қостанай және Көкшетау қалаларының ендіктері бойынша өтеді, жалпы көлемі 1 млн.га, Қазақстан территориясының 0,4%. Бұл жердің тектоникалық құрылымы жер қыртысының мезозойға дейінгі қатпарлану кезінде түзілген, мезокайнозойлық тарихы жас платформалық,„ жазықты жағдайда өтуде. Қазіргі жер бедері тегіс, жазық, ал оңтүстігінде ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары сақталған қырат. Жер бедері кешендерінің пішіндері мен топырақ қабатын түзуші жыныстары аллювийлі және көлтабанды-аллювийлі саздақтан ұсақ құмнан тұрады. Топырақ пен грунт қабаты ылғалға көп мөшерде қаныққан, көбіне гидроморфты болып келеді. Бұл зонаның климаты қоңыржай континентті, 10°С-тан жоғары ауа температурасының жылдық қосындысы 1950
2200°С, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350мм, Ылғалдану коэффиценті 0,77-0,56,. Өніп-өсу кезеңінің ұзақтығы 120г-145 күн, қуаңшылық жылдардың қайталануы 20—30%. Мұнда Батыс Сібірдің орманды дала ландшафтысының қазақстандық нұсқасы дамыған. Ол суффозиялық немесе ежелгі көлтабандық дала ойыстарында өсетін орман шоқтары және тегіс жазықтағы дәнді шөптесін мен әр түрлі шөптесіннен тұрады, Территориялық табиғат кешендерінің негізгі түрінің таралу сипатына қарай орманды дала екі зонаға бөлінеді. Олар: типті және типті емес орманды дала.
Типті орманды дала зонасы солтүстік ендіктің солтүстікке қарай (Қызылжар қаласының солтүстігінде) қоңыржай ылғалды климат жағдайында дамыған. Ылғалдану коэффициенті 0,77-0,63. Жер бедері мен топырақ қабатын түзуші жыныстардың литологиялық құрамы мен территорияның тілімденуі сипатына байланысты ландшафтыларының құрылымдық ерекшелігі қалыптасқан. Жер бедері жақсы тілімденген саздақты тегіс жазықтағы өзен аңғары беткейлерінің жоғары бөліктерінде кәдімгі орташа қарашірікті топырақта өсетін әр түрлі шөптесінділер бар. Жер бедері нашар тілімденген саздақты тегіс жазықтағы шалғынды қара топыраққа өсетін дәнді шөптесіндер өседі. Топырағының , ылғалы мол әрі құнарлы келеді. Жер түгелдеи жыртылған. Құмды және құмайтты жазықтарда сұр түсті топырақ қалыптасып, оған қайыңды орман өскен. Астында ащы саз балшықты қабаты бар саздақты жонда сортаңданған сұр түсті сортаң топырақ қалыптасып, онда қайыңды-көктеректі орман шоқтары өседі. Ащы және карбонатты саз балшықты табаны тегіс ойпаң жерлерде сортаңды, сортанданған және карбонатты шалғынды қара топырақ қалыптасып, оған әр түрлі шөптесінділерден тұратын шалғындар орналасқан. Инторзоналы жағдайда шалғындар тараган. Өзен жайылмасының шалғынды топырағына биік өсетін шалғынды шөптесіндермен бірге батпақтанған шымтезекті топырағына өлең шөпті қамыс игі өскен. Сондай-ақ гидроморфты көлшіктер кездеседі.
Солтүстік ендіктің 55°-нан оңтүстігіне қарай (Қызылжар қаласының оңтүстігінде) орманды дала зонасының типті емес бөлігі орналасқан. Бұл жердің климаты орманды далаға ұқсайды, ылғалдану козффициенті төмен (0,63-0,56).Мұнда саздақты жыныстан түзілген көлтабанды-аллювийлі, деллювийлі, пролювийлі және денудациялық жолмен пайда болған жонды жазықтар бар. Оңтүстікке қарай қара топырақта дәнді шөптесінді, әртүрлі шөптесінді шалғындар және әр түрлі шөптесінді — қызыл бозды дала өсімдіктері тараған. Сазбалшықтан түзілген тегіс көлтабанды ойпаңның сұр түсті топырағы мен сортаң топырағына көктеректі қайың мен тал ағаштарының орман шоқтары өскен. Ландшафт кешендерінде шалғынды- далалы және далалы сортаң, шалғынды сор, өлең шөпті қамыс өскен батпақтар, кішігірім өзекше көлшіктер жиі кездеседі. Өзен бойы жайылмасының шалғынды және шалғынды сор топырақтарына әр түрлі шөптесінді-дәнді шөптесін өскен шалғындар дамыған.
Ландшафтының басқа типтерімен салыстырғанда, орманды далада жануарлар дүниесі жақсы сақталған. Көбіне ормандьі фауна басым. Мұнда дала тышқандары, ақ қоян, түлкі, қасқыр көп кездеседі. Үкі, қаршыға, бұлдырық, ителгі, ұзақ, қарға сияқты құстар тіршілік етеді. Бұлан мен жабайы шошқа да мекен жай тапқан.
Орманды даланың 50%-55%-і егіске жарамды. Жайылым мен шабындық та баршылық. Мал шаруашылығы сүтті-етті мал өсіруге бағыталған.
Источник статьи: http://allrefrs.ru/2-8164.html